13.04.2016, 19:19
Оқылды: 21

БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің Қарашығанақ кенішіне сапары

karachaganak (1)Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнында болып, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» басшылығымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.  


Жүздесуде КПО өндірістік жұмысы мен Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасының бірінші кезеңі туралы кеңінен таныстырылды.

karachaganakӨңір басшысы Алтай Көлгінов «Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде қалыптасқан қолайлы инвестициялық климатты одан әрі дамыту, инвесторлармен тығыз жұмыс істеу сияқты бірқатар міндеттер қойып отыр. Батыс Қазақстан облысы басшылығы мен аймақтағы инвесторлар арасында сенімді әрі нәтижелі әріптестік орнаған. Серіктестік аясында қоршаған ортаны қорғау, өндірістік қауіпсіздігін сақтау және еңбек талаптарының орындалуына ерек көңіл бөлу қажет. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатындағы  жұмыстарды жалғастыратын боламыз» деді.

КПО Бас директоры Ренато Морали Қарашығанақ жобасының табысты жүзеге асып жатқаны Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Батыс Қазақстан облысының басшылығымен арадағы нәтижелі әріптестік жұмысымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

karachaganak2«Қазақстан Республикасының экономикасына серпін беру мақсатында кен орнын игеру кезінде ең соңғы үлгідегі өндірістік технологиялар пайдаланып келеміз» деді Ренато Мароли.

Әріптестік орнатылған жылдар ішінде Батыс Қазақстан облысында жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар, әлеуметтік-тұрмыстық нысандар мен жүздеген шақырым жолдар салынды. Батыс Қазақстан облысы инфрақұрылымын дамыту мақсатында КПО салған инвестиция көлемі 300 млн доллардан асқан.

КПО өндірістік қызметімен танысқаннан кейін облыс әкімі Алтай Көлгінов Қарашығанақ өңдеу кешенінің өндірістік нысандары орналасқан аумақты аралап шықты.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале