24.06.2016, 19:28
Оқылды: 29

Бұқаралық спорт өркендесін десек....

bukaralyk sport orkendesin desek Осы жылдың  23 маусымы күні  кеңес төрағасы  Б.Сапаровтың жетекшілігімен   Шыңғырлау ауданының қоғамдық кеңес отырысы өтті.   


Отырыста   аудандық мәдениет,  тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімінің басшысы  Талғат Ишекеновтың  аудан жастары  арасында  дене  тәрбиесі  мен бұқаралық  спортты  дамыту бағытындағы  іс-шаралардың орындалуы туралы  баяндамасы  тыңдалып, қоғамдық кеңес мүшелерінің  мақұлдауына  ұсынылды. Аудандық мәслихат депутаты  Г.Волкогон баяндамаға қатысты  пікірлерін қосып, спорт саласында көптеген тәжірибелі мамандардың жұмыс істеп келгендері, десек те олардың  ізбасарларын дайындап отыру қажеттілігін де  қаперге алды. Кеңес мүшелерінің барылығы да тиісті мекеме аудандағы  спорттық шараларды  жоспарлы түрде ұйымдастырып отырғандығын, алдағы уақытта да тұрығындарды  әсіресе, жастарды көбірек қамтуды  тілге тиек етті. Балалардың спортқа деген қызығушылығын тудыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру турасында  қоғамдық мүшелерімен көптеген мәселелер көтеріліп, ұсыныстар беріліп отырды.

Мүмкіндіктері шектеулі жандардың да спорттан шет қалмауын қарастыру, аудан басшыларының өзгелерге үлгі болып, тіпті көшеде  жаю жүруді әдетке айналдырса деген ойларын   мүгедектер қоғамының төрағасы Т.Кереев және аудандық мәдениет  үйінің директоры  Г.Жұмағазиева  да жиналғандардың  назарына ұсынды.

Қоғамдық кеңес отырысына қатысқан аудан әкімінің орынбасары  Қ.Айтмұхамбетов  спортқа дұрыс көңіл бөлу, әсіресе жастар ,тұрғындар арасында  спорт шараларын көптеп ұйымдастыра  отырып,  бұқаралық спортқа жеткізу, әсіресе бұл мәселеге  ауылдық жерлерде нақтырақ көңіл бөліп, мектептерде  спорттық  құрал-жабдықтар алуға демеушілерді де қатыстырса нұр үстіне нұр дегенді айтты.

www.zhaikpress.kz
А.Арыстанова
Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале