2.11.2016, 16:43
Оқылды: 15

«Бөбектің» шаттығы

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта 1979 жылы пайдалануға берілген «Бөбек» мектепке дейінгі ұйымы ғимаратының күрделі жөндеуі мәреленді. Жергілікті қазынадан 19 млн. теңге қаржы жұмсалған бұл жұмысты оралдық «Сәтті Сәулет» және «ЖайықГазСуҚұрылыс» ЖШС-лердің жұмысшы-қызметкерлері жүргізді. Шатырынан бастап, терезелері жаңартылып, бөлмелері бұрынғыдан әлдеқайда көріктендірілген ғимараттағы бүкіл жөндеу тез жүруі үшін «Бөбектің» қызметкерлері де түгел атсалысып, кәріз, шұңғылшалардың, құбырлардың жаңалануына зор үлестерін қосты.


Ғимаратта 6 бейне камера орнатылды.

Сөйтіп, су жаңа күйге енген «Бөбектің» ұжымын, сәбилерді құттықтау үшін осында аудан әкімі Әділ Жоламанов арнайы ат басын тіреді. Ол бүгінде 6 топта тәрбиеленіп жатқан 140 бала үшін жасалған жағдаймен жан-жақты танысты, жетістігі алысқа танымал «Бөбекке» зор тілегін арнады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале