22.10.2015, 10:09
Оқылды: 16

Бөкейордалық өнерпаздар - Жәнібекте

орда жанибекте (1)Жәнібек аудандық Мәдениет үйінде көршілес Бөкей Ордасы аудандық балалар саз мектебінің «Хандық құрған еліміздің – біз бақытты ұрпақтары» атты концерті оздырылып, оған аудан жұртшылығы көптеп қатысты.

Концерттің беташарында Бөкей Ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев көрермен көпшілікті өңірі малға, көңілі ән мен жырға, қиялы күйге толы бөкейордалық жас өрендердің өнерін тамашалауға шақыра отырып, мұның өзі Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарының әкімдері Мұрат Мұқаев пен Нұрлан
Рахымжановтың көршілес екі аудан халқын өнерде бір-бірімен қоян-қолтық жақындастыруға көздеген шарасы болғандығын, осындай концерттік бағдарламаларды көрсету арқылы екі аудан жастарының тәжірибе алмасуын шыңдау бағытындағы талпыныс екендігін сөзіне сүйеніш етті.

орда жанибектеКонцерт соңында «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев бөкейордалық өнерпаздарға көрермендер атынан ризашылық білдіріп, аудан әкімі Мұрат Рахметұлының алғысхатын тапсырып, естелік сый тарту етті.

Өз кезегінде Бөкей Ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев та жәнібектіктерге естелік сый ұсынды.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале