12.05.2016, 11:16
Оқылды: 21

Бөкей Ордасында кәсіпкерлер басқосты

 bokei kasipkerler bas kosti    «Кәсіпкер және шенеунік» акциясы аясында Бөкей Ордасы аудандық прокуратураның бастамасымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен басқосуға кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Б.Жұмағұлова, прокуратураның аға прокуроры Р.Шәкіржанов, кәсіпкерлік бөлімі басшысы Е.Нүркенов, ауылшаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Әбдірешев, «Орда» шекара бекетінің басшысы С.Машкин, статистика бөлімі басшысы Т.Қадымов, ветеринариялық станция директорының орынбасары Б.Жұмабекұлы, аумақтық инспекциясының бас маманы Н.Керешев, кірістер басқармасының бөлім басшысы М.Таңатов және аудан орталығындағы кәсіпкерлер қатысты.


   Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ашып, жүргізген бұл шарада аудандық прокуратураның кәсіпкерлерді нендей мәселелер толғандырады, ісін алға бастыру жолында қандай қиыншылықтар орын алып жатқандығын анықтамақ ниетте  жүргізген сауалнамадан туындаған 7 сұрақ ортаға салынып, талқыланды.

www.zhaikpress.kz

Р.БАҚЫТОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале