12.01.2016, 18:26
Оқылды: 20

Бөкей ордасында 12 шаруа қожалығының пайдаланылмай отырған 18308 гектар жайылымдық жері қор есебіне қайтарылып алынды

Bokei jerler kaitarildi  Ордасы ауданының жер қатынастары бөліміне 2015 жылы мемлекеттік мекемелерден 423, жеке азаматтардан 154 өтініштер түсіп, тіркелді. Барлығына да «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңның талаптары мен жер Кодексіне сай белгіленген мерзімде жауаптар беріліп, тиісті шаралар алынды.


 

Бұл күнде жер балансы бойынша шаруа қожалықтарының саны 451-ге, пайдаланған жер көлемі 407948 гектарға жетсе, жаңадан құрылған 18 шаруа қожалығына 53175 гектар жер берілді. 12 шаруа қожалығының пайдаланылмай отырған 18308 гектар жайылымдық жері аудан әкімдігінің қаулыларымен ауданның арнайы жер қор есебіне қайтарылып алынды.

www.zhaikpress.kz

Д.ӘЛИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале