23.12.2015, 16:43
Оқылды: 35

Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай ауылында наубайхана ашылды

 Muratsaida naubaihana  Бөкей ордасы ауданының Мұратсай ауылындағы А.Құсайынов атындағы орта мектеп-интернатын азық-түлікпен қамту бағытында ойналған тендерді ұтып алған сайқындық кәсіпкер Сердіғали Айғалиев («Жұмағұл» шаруа қожалығы) балаларға тамақ тасумен бірге ауылда наубайхана ашып, жергілікті тұрғындарды ыстық қалашпен қамтуда.


Кезінде баспана болған шағын мекенде күніне 30-40 нан пісіріледі.  Ауыл тұрғыны Айгүл Машотова мен Ақпал Елекенованы жұмысқа тартып отырған кәсіпкер мұратсайлықтардың өтініші бойынша макарон өнімдерін, картоп, қырыққабат сынды көкөністерді де сәл арзандау бағаға әкеліп сатуда.

www.zhaikpress.kz

Г.ТҰРСЫНТЕГІ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале