4.12.2015, 12:55
Оқылды: 23

Бөкей Ордасы ауданы әкімі Хан Ордасы ауылындағы майдангер атамен жүздесіп қайтты

Bokei р-217-2  Бөкей Ордасы ауданының басшысы бастаған топ осы күні Хан Ордасы ауылындағы тағы бір қарт майдангер Нәсіпқали Жұмағалиев атамен де жүздесіп қайтты. Әңгімеге көрік беріп отыратын қария тоқсанның ауылына қадам басқанымен, әлі  де тың һәм елді сөзіне ұйыта білетін қалпынан айнымапты.


Аудандағы жаңалықтарға да құлағы түрік. Кезінде шопан ата таяғын ұстап, адал еңбегімен қадірі артқан Қанатбай Айтқалиев ағайды да осы шаңырақтан ұшырастырдық. Өз кезегінде меймандар майдангерге тарту-таралғысын ұсынса, қария дастархан үстінде әдемі әзілімен де отырыстың сәнін келтіре білді. Көңілі жастық шақтың  көк дөненіне мінген  ата әскери әндерді шырқап, жадының мықтылығын да аңғартты.

Иә, соғыс сұрапылын көрген ол бүгінде өмірлік қосағы Рысқаным әжемен ұрпақтарының ортасында елге сыйлы тірлік кешуде. Көңілдері дария көнекөздермен қоштасар кезде «Аман бол, ағаларым!» деген тілек көкейімізге еріксіз ұялай берді.

www.zhaikpress.kz

Гүлнар ҚАДЫРОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале