14.10.2015, 15:08
Оқылды: 22

Бөрлідегі балабақша құрылысы жаңа жылға дейін аяқталмақ

детсад бурлинАудан аумағында соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде балабақшалар көптеп салынып жатқанымен, демографиялық ахуал «ең кішкентай» бөрліліктер үшін оның қатарын одан әрі көбейтуді талап етіп отырғаны анық.

Бөрлі ауылдық округінде әлеуметтік жоба шеңберінде 140 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде.

Бас мердігер – «НазТур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Лесбай Елеусіновтің айтуынша, ағымдағы жылдың маусымында басталған құрылысты жаңа жылға дейін аяқтау көзделуде.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале