6.10.2015, 13:10
Оқылды: 17

Бөрлідегі дүркіреген той

Bokei songi04 Бөкей ордасы ауданы Масин ауылының тұрғындары сабантойды қайта жаңғыртып, қоңыр күзде ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін өткізуді қолға алыпты. 4 қазан күні Бөрлі ауылында дүркіреген той оздырылды.

Шараны ауыл әкімі Меңдібай Қитанов ашты. Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың ыстық сәлемін жеткізіп, еңбекте үздік көрінген шаруа қожалығы иелеріне «Алғыс хаттар» табыстады.

24 шақырымдық ат бәйгесінде «Қанат» шаруа қожалығы (жетекшісі Қанат Әбекешев) қосқан қарагер (шабандоз Әбдіжаппар Сәрсенбеков) бас жүлде үлкен тоңазытқышты қанжығасына байлады

8 палуан (4 жұп) арасында тартысты өткен күресте қазталовкалық Ерназар Хамзиннің мерейі үстем түсіп, бас жүлде ноутбукті жеңіп алды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале