10.08.2015, 20:14
Оқылды: 80

«Дана халықтың дара Абайы»

IMG_2621Дәл осындай атаумен 10 тамызда аудандық кітапханада қазақ халқының ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтті.

Ең алдымен «Абайдың өмір жолы» атты бейнеролик көрсетіліп, одан кейін кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін оқыды.

Кеш барысында Х.Сұлтангереевтің орындауында «Айттым саған Қаламқас» әні шырқалып, Абайдың 15 қарасөзі тыңдарман назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Мәңгілік Абай» атты кітап көрмесімен кітапханашы Гүлзия Бауыржанқызы таныстырды.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале