Бұл туралы Казталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр әкелі-балалы Елеусіновтермен болған кездесуде аудан орталығында Данияр Елеусінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салынатынын қуанышпен жеткізді.
- Аудан орталығынан осындай кешен салу туралы аудан әкімі Нұрлан Мағазұлының ұсынысы өңір басшысымен болған әңгімеде Алтай Сейдірұлының тарапынан қолдау тапты. Даниярды батырым деп төбесіне көтерген ел-жұрттың құрметіне шексіз ризамыз, - деді бізбен әңгімесінде Марат аға Елеусінов.
Қайрат ЖАҚЫП
Қазталов ауданы