29.10.2015, 19:00
Оқылды: 24

Дарынды өрендердің табысы  

 

орендерҚазан айында руханият пен мәдениеттің астанасы Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Нұрлы жастар» орталығының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық «Бірлігіміз жарасқан 20 жыл» атты ән-би байқауы оздырылды.

Жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге, тарихын білуге, ділі мен тілін құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған республикалық байқаудан қаратөбелік өрендердің табыспен оралуы көңілімізді биікке көтереді.

Байқаудың «Көркем сөз» аталымы бойынша Эльвира Кенжетаева, Ақжарқын Мейрамбекқызы, Манас Киікбаев жүлделі орындардан көрініп, ел мерейін өсірді.

Аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс залында байқау жүлдегерлерімен кездескен аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов дарынды оқушылардың табысына ерекше тоқталды.

Ата-аналар Самат Сисенов пен Мейрамбек Боранбаев ризашылық сезімдерін білдірсе, үйірме жетекшісі Мөлдір Өтебашова, шәкірттер Эльвира Кенжетаева, Ақжарқын Мейрамбекқызы байқаудан алған әсерлерімен бөлісті.

Өнерлі өрендер көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерін жатқа оқыды.

Аудан басшысының орынбасары Сатқан Ержанұлы өрендерге дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале