9.11.2015, 17:19
Оқылды: 13

«Дарынның» республикалық фестиваль-конкурстағы табысы

Akjayik atirau1 orin   Атырауда осы облыс әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен көкірегінде өнерге деген оты бар жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында Республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-конкурсы өтті. Оған қатысқан Ақжайық аудандық балалар шығармашылық орталығының «Дарын» би тобы қазақ биі «Құрбылары» және «Ковбой» биін орындап, І орынды иеленді.

– Мұндай табыс бізді одан әрі ізденіске жігерлендірді,-дейді топ жетекшісі Айдана Жүсіпқалиева. –Үлкен ауданымыздың сенімін ақтағанымызға қуаныштымыз. Ал бұл сапарға бізге демеушілік көрсеткен кәсіпкер Асқар Қабанов ағамызға және балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен МАИ қызметкері Сәбит Айтуаровқа алғысымыз зор.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале