29.09.2015, 9:01
Оқылды: 56

«Даңқ» мемориалы - ұрпақтар сабақтастығы

Janakala dank memoriali yrpaktar sabaktastigi    Қасиетті Қамыр-Самар елі, жерұйығы Жаңақала жері – күй алыптары Құрманғазы мен Динаның, ақберен ақын, ержүрек батыр Махамбеттің, төрт бірдей Кеңес Одағының Батыры, 18 Социалистік Еңбек Ерінің және мыңдаған  мемлекет, қоғам қайраткерлерінің алтын ұясы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Халық-тарих толқынында» деген бастамасына орай аудан әкімі Л.Хайретдиновтің ұсынысы және аудандық қоғамдық келісім Кеңесінің қолдауымен ауданымызда елге еңбектері белгілі Жаңақала перзенттерінің есімдері жазылған Даңқ мемориалы ашылды.

С.Бабажанов көшесі бойындағы «Жастар» саябағынан орын алған ескерткіштің қос қанатында ауданымыздан шыққан Социалистік Еңбек ерлері, түрлі мемлекеттік наградаиегерлері, ақын-жазушылар және аудан, облыс, республика көлемінде  басшылық қызмет атқарған қайраткерлер мен спорт шеберлерінің есімдері жазылған. Ортасында ақындардың мекені екенін айқындап тұрған қалам ұшты стелла және күйшілер мекені екенін білдерітін қасиетті домбыра бейнеленген.

Даңқ мемориалының құрылысын мердігер «АБК Порднес» ЖШС құрылыс компаниясы 5 млн. 396 мың теңгеге тұрғызған.

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Закария Сисенғали: -Бұл Даңқ мемориалы ауданымыздың тағы  бір сәнді ескерткіштерінің бірі ғана емес, ол өскелен ұрпаққа аға буынның елі, жері үшін төккен еңбектерін, ерліктерін үлгі қыла отырып  елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында салынған еңселі ескерткіш. Ауданымыздан шыққан талантты, дарынды тұлғалар, соның ішінде ұстаздар өте көп.  Өкініштісі, сол ұстаздардың барлығының есімдерін тақтаға сыйғызып жазу мүмкін емес, сондықтан да  мұнда тек майдангер ұстаздардыңесімдері ғана жазылды.Сондай-ақ бұл игі іс бүгінгі күнмен шектелмей болашақта да өрісін тауып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса береді,- деп, жиналған қонақтар мен аудан тұрғындарын Еңбек күні және аудан күнімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали САҒЫНҒАЛИ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале