16.07.2015, 14:46
Оқылды: 16

Демеуқаржыны алғанның есесі кетпейді

Janibek demeu karji  Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев бастаған жұмыс тобы Борсы, Жақсыбай, Талов ауылдарында және Тегісшіл елді мекенінде іссапармен болып, ауыл шаруашылық, қысқа дайындық, демеуқаржы, мал азығын дайындау тағы да басқа өзекті мәселелер жайын талқылады.

ШҚ жетекшілері мен кәсіпкерлер қатысқан  бас қосу барысында аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арман Исқақов ауданның ағымдағы ауылшаруашылық жағдайы, соның ішінде мал азығын дайындау, демеуқаржылардың орындалуы, асыл тұқымды қошқарлармен қамту, Янайкинаға бұқашық тапсыру, «Сыбаға», «Құлан» бағдарламаларының орындалуы жөнінде баян етсе, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Рустам Аманғалиев ҚР Үкіметінің  үстіміздегі жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына» сәйкес несие алудағы өзгерістер жайын түсіндірді. Ал аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Абзал Қаратаев сарып ауруына шалдыққан малдың шығынын төлеу туралы хабарлама жасады.

Аталған ауылдарда оздырылған жиында аудан әкімі Мұрат Мұқаев сөз сөйлеп, ауданда атқарылып жатқан оңды істерді айта келіп, кейбір өзекті мәселелердің де тінін тарқатты. –Биыл табиғат жағдайына байланысты шөп шығымы нашар,-деді ол, -Әсіресе, Күйгенкөл, Ұзынкөл, Ақоба ауылдарында шөп шығымының толыққанды болмауына сәйкес мал қыстатуда кейбір мәселелер туындауы мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан бар мүмкіндікті сарқа пайдаланып, қазірден бастап, мал азығын дайындауға күш салу керек.

Қазақ елінің болашағы кәсіпкерлер. Кәсіпкерліктің дамуы үшін осындай көмектер берілуде. Бірақ бұл мәңгілік емес, 2020-шы жылы көмек беру мерзімі бітеді,-дей келе аудан әкімі жиналғандарға Янайкинаға мал тапсыру, «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша несие алу, жеке табындардағы малды асылдандыру, сондай-ақ бүгінгі күннің басты жаңалықтарының бірі болып отырған ауыл тұтыну кооперативін құрудың жолдарын бүге-шігесіне дейін түсіндірді.

www.zhaikpress.kz

Н.Жапақов

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале