4.12.2015, 12:46
Оқылды: 34

Денсаулық – басты байлық

 Terekti Almagul joldau  Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы, белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Осы жылғы жолдауда Елбасы соңғы он жылдың ішінде адамдардың денсаулығын сақтауда үлкен жұмыстар атқарылғанын, елімізде өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 72 жасқа дейін өскенін айтты. Егемен ел болғалы 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды.. Бұл - біз үшін де, еліміз үшін де зор жетістік.

         Мен – дәрігермін. Соңғы жылдары медицина саласында ауыз толтырып айтарлық жаңалықтар өте көп. Түрлі қатерлі ауруларға ота жасаудың сәті түсті. Аудандық ауруханамызда жыл сайын белгіленген жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.


      Елбасы Н.Ә.Назарбаев болашағына сенімді, азаматтық мақсаты анық елде ғана толыққанды мемлекет құрылатынын айтқан болатын. Ол үшін әр қазақстандық өз-өзін тәрбилеп, қай салада болмасын, жан-жақты дамытуға назар аударуы тиіс. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болмақ. Отанымызға амандық, бақыт және даму нәсіп етсін. Келешегіміз баянды, ұрпағымыз несібелі болсын дегім келеді.

www.zhaikpress.kz

Алмагүл Бахитова

Теректі аудандық емхана меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале