3.10.2016, 17:04
Оқылды: 36

«Денсаулық фестивалі» өтті

%d1%84%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b8%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d1%8c-%d0%b7%d0%b4%d0%be%d1%80%d0%be%d0%b2%d1%8c%d1%8fБатыс  Қазақстан  Облысы  «Азаматтық Альянсы Қауымдастығы » ЗТБ  мен  Батыс  Қазақстан  инновациялық - технологиялық  университетінің бірігуімен   қазан  айының  1күні  «Бізбен бірге бол! Бізбен бірге күрес!» жобасының аясында «Денсаулық фестивалі»  аталып өтті.

Іс-шараның басты мақсаты онкологиялық ауруларды алдын-алу шаралары, салауатты өмір салтын насихаттау болатын. Күн райының қолайсыздығына қарамастан,стадионға жиналған спорт сүйер қауымның қарасы көп болды. Елбасымыз Н.Назарбаев бұқаралық спортты дамытып,салауатты өмір салтын насихаттау қажеттілігін әр жолдауында тілге тиек ететіндігін білеміз.  Фестиваль мындаган студенттердің басын қосып,түрлі эстафеталық ойындар ойнатылды. Соның ішінде шағын футбол,арқан тарту,кіртасын көтеру және т.б.

Ауа-райының колайсыздығы спорт сүйер қауымға салауаттық өмір салтын насихаттап өзгелерге үлгі болуға еш кедергі келтірген жоқ. Рио 2016 жазғы Олимпиадасына еліміздің намысын қорғап ,өңірімізден қатысқан Дергунов Алексей мен Ергучев Андрей келді.

Фестиваль соңында студенттер өте көрнекті флешмоб ұйымдастырды.

Омарова Айгерім

«БҚО Азаматтық Альянсы» баспасөз хатшысы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале