12.02.2016, 10:01
Оқылды: 44

Депутаттыққа үміткерлерді ұсынды

NyrOtan02  Облыстық мәслихаттың үлкен залында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХҮІІІ конференциясы өтті. Оның жұмысына партия Жарғысына сәйкес сайланған 154 делегаттың 149-ы  және партияның аумақтық филиалдарының төрағалары, депутаттар, партия активі және БАҚ өкілдері қатысты. Конференция жұмысын парияның облыстық филиалының төрғасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ашып, жүргізіп отырды.


  Күн тәртібіндегі «Қазақстан -2021» Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық: «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы мәселе бойынша  облыстық партия филиалының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен баяндама жасады. Оның баян етуінше, сайлауалды бағдарламалардың орындалуын талдау партияның  «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының төрт жыл ішінде облыс бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша толықтай, басым бөлігі – мерзімінен бұрын орындалғандығын көрсетіп отыр. «Жаңа сайлауалды бағдарламасы жаңа жаһандық сындарға байланысты партияның іс-әрекеті болып табылады және алдағы бес жылдағы қызметтің басым бағыттарын құрайды. «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламаның ұсынылған ұраны, біздің көзқарасымызда, партияның басымдылығы мен мақсаттарын айқын көрсетеді», -деді Серік Сүлеймен.

Баяндама бойынша жарыссөзге «Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалы төрағасының орынбасары Айжан Нысанбаева, «Қазақтелеком» АҚ-ның БҚО телекоммуникациялар дирекциясы техникалық директорының орынбасары Владимир Ткачев қатысты.

Жиында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну мәселесі қаралды.

-Қаңтардың 29 күні Астана қаласында Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен партияның кезектен тыс ХҮІІ сиез өтті. Сиезде «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын талқыланып, бекітілді. Сонымен қатар ҚР Парламент   Мәжілісінің депутатарының сайлауына партия атынан түсетін үміткерлердің тізімін бекітті, - деді Нұрлан Ноғаев. Өңірдегі партия филиалының төрағасының айтуынша, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің тиісті қаулыларымен бекітілген нұсқаулықтарына сәйкес өңірдегі бастауыш партия ұйымдарында  ақпанның 1-4 күндері аралығында мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну мақсатында прайм-риз таңдаушылар жиналыстары өткізілген. Осы жұмыстардың нәтижесінде 200 сайлау округі бойынша  прайм-риз шарасына  барлығы 13345 партия мүшесі қатысқан. Одан кейін партияның облыстық филиалы саяси кеңес бюросында облыстық мәслихат депутаттығына «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған үміткерлер тізімі мақұлданған. Конференцияда осы депутаттыққа үміткерлер тізімімен партия филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі К.Төреғалиев таныстырып, конференция  делегаттары тізімдегі үміткерлерді бірауыздан мақұлдады. Олардың ішінде бұрынғы шақырылымдағы халық қалаулылары Амангелді Таспихов, Ескендір Елемесов, Мұрат Жәкібаев, Жасұлан Жақыпов, сондай-ақ Орал қаласы бойынша Сергей Потиченко, Аветик Амирханян, Аркадий Рубцов, Қайдар Қощанов, Нұрлан Серғазиев сынды жаңа есімдер бар.

Жиында партия филиалының саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Делегаттар басқа жұмысқа ауысуларына және өз өтініштері бойынша кеңес құрамынан Н.Төреғалиевті, В.Голоуховты, З.Мусинаны, Р.Хайруллинді шығарып, олардың орнына  Д.Ғалиметденованы, С.Потиченконы, Е.Тоқсановты, А.Халеловты кеңес мүшелігіне енгізді.

Партия конференциясы күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале