4.02.2016, 17:20
Оқылды: 28

Достық үйі есігін айқара ашты

 Assambeia  Облыс орталығында көптен күтілген Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты немесе Достық үйі салтанатты түрде ашылды. Оған өңіріміздегі ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және басқасы қатысты. Жаңа орынның тұсаукесер рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея секретариатының меңгерушісі Ералы Тоқжанов және облыс әкімі Ноғаевтар қатысып, құттықтау сөз сөйледі.


Үш қабатты, жұмысқа  барлық жағдай туғызылған ғимаратқа 17 ұлттық-мәдени орталық, орналасыпты. Олардан басқа, Ассамблеяның жастар қанаты мен облыстық  соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің кабинеті бар. Сонымен қатар, 150 орындық концерт және 80 орындық мәжіліс залының қызметін пайдалануға болады. Жақсы жабдықталған медиация кабинеті де келушілерді қабылдауға дайын. Бұлардан басқа, екі дайындық кабинеті мен хореография залының, үш тілді үйрету сыныбының да болашағы зор. Киім сақтау, бет әрлеу жеке орындары да жұмыс істейтін болады. Аталмыш ғимаратта ықтимал келуші мұмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған.  Пандустар мен жеделсаты орнатылыпты. Соңғы үлгімен жабдықталған дыбыс жазу студиясы мен дыбыс режиссерінің орындары және жарық түсіру кабинетінің қызметі де ұсынылған.

Салтанатты шараға жиналғандарды құрметті қонақтар Ералы Тоғжанов мен Нұрлан Ноғаевтар шын жүректен құттықтап және лентаны қию құрметіне Е.Тоғжанов, соғыс ардагері Х.Сафин ие болды. «Отделстрой» ЖШС-інің директоры облыс әкіміне бейнелі кілтті салтанатты түрде табыс етті. Соңынан дөңгелек үстел отырысы өтіп, тәуелсіздік күнінен бастап, уақытты кері санау таймері іске қосылды. Қазақстандық бірегейлікті және жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға бағытталған «Үлкен ел-үлкен отбасы» жалпыұлттық жобаның шеңберінде «Мейірімділік керуені» іс-шарасы басталды.   

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале