11.11.2016, 15:03
Оқылды: 44

Дін мәселелерін қаузап жүрген тілшілер марапатталды

Бүгін Астана қаласында ҚР Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жария етудегі БАҚ рөлі» атты оқыту тренингі өтті.


 

Тренингте дін саласындағы өзекті мəселелер қаралды. Соңынан дін саласындағы мəселелерді белсенді түрде жария еткен журналистер марапатталды. Олардың ішінде «Орал өңірі» газетінің тілшісі, «Ақпарат саласының үздігі» Ұлдай Сариева, «Қазақстан» ұлттық арнасының шеф-редакторы Азат Рыстанбеков, «Хабар» телеарнасының шеф-редакторы Шынар Сағындықова, «Абай.kz» порталының бас редакторы Дəурен Қуат, «Е-ислам» порталының əдеби редакторы Жайық Нағымаш, Атырау облыстық «Атырау» газетінің бөлім меңгерушісі Баян Жанұзақова бар. Қоғамдағы ең өзекті дін мəселесіне аянбай қалам тербеп жүрген журналистерге алғыс айтылып,  диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале