26.04.2016, 12:15
Оқылды: 29

«Дәрігерге кезек жақсы жолға қойылмақ»

oblzdrav    Осы  аптаның  сейсенбісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасында аталмыш басқарма басшысының орынбасары Мәншүк Аймырзиева журналистермен  кездесті. Оған себеп - жуырда облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қала емханаларын аралап, медициналық көмектің өз дәрежесінде көрсетілмей отырғанын, әсіресе, науқастардың кезекте көп тұруына алаңдаушылық білдіргені болды.


     -         «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста бастапқы медициналық көмек көрсетуді әрі қарай жетілдіру - біздің басты міндетіміз. Қазіргі таңда бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдары 85 % пайыз халықты қамтамасыз етуге міндетті. Қалған 25 пайызына стационарлық ем немесе оны алмастыратын ем-дом жатады. Қалалық емхаларда ай сайын 130 мың адам медициналық көмек алуда. Соның ішінде 70 мыңы    - учаскелік дәрілерлер қабылдайтын пациенттер. Мақсат - емханаларға жалпы тәжірибелік дәрігерлер жүйесін  берік енгізу. Кезектің көптігіне халық наразы. Кезекті жақсы жолға қою өткен жылдардан қолға алынды. Телефон немесе  ғаламтор мүмкіндіктері арқылы алдын ала ақпарат алу, кезекке алдын ала жазылу, дәрігерді үйге шақыру жұмыстары жалғасуда. Халық осы мүмкіндіктерді қолдана білуі керек. Емханалар таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін пациенттердің келуін реттеп, кезексіз жағдайға жеткізуге міндетті. Бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстанып жатырмыз. Ол үшін заманауи құрал- жабдықтар қажет. Электронды табло, ақпараттық жүйе, халықтың алдын ала жазылуын қамтамасыз етуді мықтап қолға алдық. Бұрын дәрігерге қаралу кезегін есікке ілетін едік, енді кезек тәртібі электронды тақтадан көрінетін болады. Емханаларда  дәрігерлер кестесі қайта қаралды, жетіспейтін мамандар басқа емханалардан тартылды. Анализ алу уақыты 15.00-ден 17.00 сағатқа дейін ұзартылды. 99 миллион теңгеге электрондық таблоның ақпараты дайындалды. Соңғы уақыттағы сындарға байланысты жұмысын ақсатқан қалалық №6 емхана директоры М. Дүйсеев қызметінен босатылды. Ал №3 және №2 емхана директорлары бір-бірінің орнына бірі ауыстырылды. Оған себеп - әр емханада жұмыс сапасы әр түрлі. Бірінде жаңа технологиямен жұмыс істеу жақсы жолға қойылса, екіншісінде ішкі жұмыстар ақсап жатыр. Сол себепті екі емхана басшылары ауыстырылды. Бұл тәсіл ұтымды болуға тиіс, болашақта осындай тәсілмен, яғни басшылардың тәжірибесін жан-жақты пайдалану қолға алынады, - деді Мәншүк Аймырзиева.

   Журналистердің басқа да сұрақтарына жауап берген М. Аймырзиева сала басшылығының қала емханаларындағы  кезек мәселесін шешуге жіті назар  аударып  отырғандығын баса айтты.

www.zhaikpress.kz

Ұлдай  ҚАБОШҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале