26.04.2016, 17:48
Оқылды: 37

Дөңгелек үстел тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа арналды

Shingirlau Shara      Қоғамымызға қауіп төндіріп отырған дерт-сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбын қозғаған дөңгелек үстел Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің  ұйымдастыруымен өтті. Осы мәселенің түп-тамырын, онымен күресу жолдарын  аталған бөлімнің бас маманы Сәуле Бисенғалиева баяндамасына арқау еткен.


     Басқосуға шақырылған мекеме қызметкерлері мен аудандық мешіттің бас имамы Е.Ихсанов жемқорлықпен күресу имандылықтан бастау алу керек десе, «Березка» ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Т.Кишкина жемқорлықтың жолын кесу өзіміздің қолымызда деген ойымен бөлісті.

www.zhaikpress.kz

 Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале