6.06.2016, 15:57
Оқылды: 23

Егіндік егу жұмысы жалғасып жатыр

????????????????????????????????????

    Шыңғырлау ауданы бойынша  егін егу жұмыстарының барысында 8620 га жерге егістік егіліп болды. Бұл облыстық жұмыс жоспары бойынша алғанда жалпы белгіленген меженің 54,2%-ы. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


    Қазіргі таңда дәнді дақылдардың себілуі 99,3%-ға орындалды, яғни, белгіленген 3500га-дың 3477-сі егілді. Оның ішінде жаздық бидай-­2197га, арпа-630 га, тары-650га.  Майлы дақылдар бойынша  3400 гектардың 590 га мақсары, 286га қыша егілді.  Мал азықтық дақылдардан 1200 га біржылдық шөптер, 2687 га көпжылдық шөптер егілді.

   Көкөніс пен бау-бақша өнімдері, оның ішінде, картоп-100га, көкөніс дақылдары-80га  және бақшалық дақылдар 110гектарға орындалып отыр.

  «Жалпы, егістіктегі баяу динамика биылғы егілген жерлерді субсидиялаудың мемлекет тарапынан тоқтатылғанына байланысты болып отыр. Бұған дейін дихандар көктемгі-далалық жұмыстарды ертерек қолға алып, қажетті тұқымдық астығын, басқа да қажеттіліктерін ертерек қамдап, қарызға алып та егіп тастап, ізінше берілген субсидиямен есептесіп отыратын. Биыл мұндай мүмкіндіктің болмауына байланысты көптеген шаруа құрылымдары бірыңғай мал шаруашылығына қарай ойысып тұр. Дегенмен, соңғы аптада белгілі болғанындай, егістік жерлерді субсиядияландыру мәселесі қайта қаралып, берілетін болып жатыр. Бұл хабар барлық шаруашылықтарға ескертіліп, егістік жер көлемдерін игеруді қолға алғалы жатырған шауашылықтар бар»,- дейді аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мамандары.

www.zhaikpress.kz

ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале