24.03.2016, 13:07
Оқылды: 20

Екатерина Ларионова Рио-де-Жанейро Олимпиадасына лицензия алды

Ekaterina Larionova   Астана қаласында 18-20 наурызда «Дәулет» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирі болып өтті.

         Осынау турнирде Азияның ең мықты деген балуандарымен бозкілемде сынға түскен Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті арнайы жасағының жауынгері полиция кіші лейтенанты Екатерина Ларионова өзінің спорттағы кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесімен күміс медальды иеленді.


Бұл – Катяның биылғы жыл басынан бергі төртінші медалі. Еске сала кетсек, Екатерина Ларионова 2016 жылдың қаңтар айының орта шамасында өткен Қазақстан Біріншілігінде алтын медальді, қаңтар айының аяғында Красноярскте өткен «Иван Ярыгин» атындағы Гран-При жүлдесіне  ХХVII Халықаралық турнирде қола медальді, Беларусьтің Минск қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен «Александр Медведь» жүлдесіне арналған  Гран-при халықаралық турнирінде   күміс медальді қанжығасына байлаған болатын.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале