3.12.2015, 17:28
Оқылды: 16

Елбасының көрсеткен сара жолымен талай қиындықтан өткенбіз, амандық болса, бұл сыннан да сүрінбей өтеміз!

Karatobe joldau jas   Елбасының 2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдауы сеніміміздің үдесінен шыға білді. Себебі ондағы міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі азаматтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған.

Елбасының жыл сайынғы әрбір Жолдауы ел қамы үшін екендігі белгілі. Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы да тығырықтан шығар жолды көрсетері сөзсіз.


 

Қысылтаяң уақытта Елбасының көрсеткен сара жолы әркімге қажет.      Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті.

2016 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердің еңбекақысы 40 пайызға дейін артатынын жариялады.

«Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем – бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ. Әлеуметтік әділеттілік идеясы жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну керек. Бұл – солардың ақшасы, - деп атап өтті Елбасы.

Тәуелсіздік алғаннан бері де талай тығырықтан өткен біздің ел бұл дағдарыстан да өтері сөзсіз. Бастысы Елбасыға деген сенім мен халық арасындағы бірліктің болуы қажет. Елбасының көрсеткен сара жолымен талай қиындықтан өткенбіз, амандық болса, бұл сыннан да сүрінбей өтеміз!

www.zhaikpress.kz

Асылзада КӘРІМОВА

Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің әлеуметтік қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале