24.11.2015, 20:09
Оқылды: 32

Елбасы халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізді

Elbasi   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 


 

Заң жоғары білікті шетелдік мамандар тарту үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға, сондай-ақ халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы саласындағы саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале