10.12.2015, 17:44
Оқылды: 43

Елімізден тыс жерлердегі мүлікті жария ету бойынша өңірімізде үш жеке тұлғадан 2,6 млн. теңге сомадағы алым түскен

   Сондай-ақ баспасөз мәслихатында облыстық МКД мемлекеттік қызметтер басқармасыныңKeden02 жетекшісі  Ербол Найзабеков  мүлікті жария етуді жүзеге асыру рәсімдеріндегі жаңа тәсілдер жөнінде әңгімеледі. Оның сөзінше, қабылданған заңға сәйкес жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Ол, сондай-ақ, ел аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттар тапсыру мерзімі, егер мүлік иесінің мүлікті иелену құқығы ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделмеген болса, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталатынын жеткізді. Ербол Найзабековтің сөзінше, бүгінгі таңда міндетті декларациялауға тек ҚР-нан тыс шетелдердің банк шоттарындағы ақшалар ғана жатады. 


   -Мемлекет басшысы: «Жария ету – соңғы мүмкіндік, бұдан кейін ешқандай жеңілдіктер болмайды. Жария ету – жалпыға ортақ декларациялау алдындағы соңғы акт», - деп қадап айтты. Осы акцияны аяқтаған соң, бүкіл әлемнің шетелдік шоттары бойынша барлық ақпарат қайта тексерілетін болады.  Заң, біріншіден, шетелдегі шоттар бойынша ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жазаны қатайтуды, екіншіден, шетелдегі мүлікті міндетті декларациялауды болжауда.

2015 жылдың 8 желтоқсанында жергілікті атқарушы органдарға 2 млрд. 507,8 млн. теңгені құрайтын жылжымайтын мүлік бойынша 337 өтініш түскен, олардың ішінде 150 тұрғын нысаны 315,4 млн.теңгені, 187 тұрғын емес нысан  2 млрд. 192,6 млн.теңгені құрайды. Нәтижесінде: 105  өтініш қайтарылған (Заңға сәйкес емес, құжаттардың толық болмауы), 1 млрд.648,7 млн.теңгені құрайтын 206 нысан жария етілген, ондағы 87 тұрғын нысаны 169,6 млн.теңгені, 119 тұрғын емес нысан 1 млрд. 479 млн.теңгені құрайды (оның ішінде 79 коммерциялық нысан 1 млрд. 353,6 млн.теңгені құрайды).

Елімізден тыс жерлердегі мүлікті жария ету: 2015 жылдың 8 желтоқсаны бойынша 3 мүлік жария етілген – оның ішінде 2 пәтер: Самара қаласынан 1 пәтер және РФ Саратов облысындағы 1 үй. Мүліктің құны 7,8 млн.теңгені құрайды, төленген алымның сомасы – 0,8 млн.теңге, -деген.

Ербол Ғалымұлы өңірімізде          26,0 млн.теңге көлеміндегі қаражаттың  жария етілгенін айтты. Бұл ретте үш жеке тұлғадан 2,6 млн. теңге сомадағы алым түскен.

 www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале