6.08.2015, 9:34
Оқылды: 28

Еліміздің батыс өңірлеріндегі жолдарды жөндеуде замануи технология қолданылуда

Kazavto jol01  Қазіргі уақытта Атырау облысында Атыраудан Оралға дейінгі және Ақтөбеден Атырауға дейінгі бөліктерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында 50 шақырым жол пайдалануға беріледі. Сондай-ақ республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань) автожолдары бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған бөліктерде облыста ең алғаш рет жол құрылысының замануи технологиясы - қиыршық тас пен мастикалық асфальтбетон және тозған қабатты эмульсия-минералдар қоспасынан құю технологиясы қолданылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатовтың еліміздің Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облысына барған іссапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

Батыс Қазақстан облысында «Орал-Тасқала-Саратов» автомобиль жолдарында қайта қалпына келіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жол 2 жолақты қозғалыстағы ІІ техникалық сатыға жатқызылады. Ұзындығы 100 шақырым болатын аталған жоба қатарлас 2 бөлікте жүзеге асырылуда. «Тасқала» шекара пунктінде жолақтардың санын көбейту қарастырылуда, ол өз кезегінде шекарадағы рұқсат беру мүмкіндігін арттырып, жолаушылар мен көліктердің жиналып қалуының алдын алады.

Сондай-ақ облыста жыл соңында ұзындығы 15 шақырым болатын «Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы» және 4 шақырым болатын «Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» автожолдары бөліктерінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау көзделуде. Ұзындығы 64 шақырым болатын «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автожолында және ұзындығы 28 шақырым болатын Оралдан РФ шекарасына дейінгі бөлікте орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы алғанда, батыс өңіріндегі қайта қалпына келтіру, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 2 500 жұмыскер тартылған. Автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру кезінде жергілікті өндіріс материалдары қолданылуда.

«ҚазАвтоЖол» басшысы өзінің іссапарын қорытындылай келе: «Батыс өңіріндегі автожолдардың күтімі мен жөндеу жұмыстары, қайта қалпына келтіру жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес жүргізілуде. Басты тапсырма - халыққа қолайлы болуы үшін жөнделіп жатқан бөліктердің уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету»,- екенін атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале