23.06.2016, 12:59
Оқылды: 25

Ел деп еткен еңбектің қадірлісі

el dep etken enbektin Зеленов ауданының орталығындағы «Достық» мәдениет үйінде мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған мерекелік жиын өтті.


Салатанантты шарада облыс әкімінің атынан Щапов ауылдық окруігінің әкімі А.Әбжан, Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Жұманиязовалар зор алғысқа кенелді.

ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО Департаменті басшысының алғыс хатымен  Янайкин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Аққайырова марапатталса, облыстық кәсіподақ ұйымы атынан «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісі аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж. Менешевке табысталып, кеудесіне медаль тағылып, бағалы сыйлық ұсынылды.

Ал өз кезегінде сөз алған  Жігер Менешұлы аудандық кәсіподақ ұйымы атынан Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Д.Убаевты, Дариян ауылдық округінің әкімі Б. Ерболатовты, аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі С. Сәрсенбаеваны, Переметный ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Г.Кораблеваны, аудан әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Ізмұханованы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы  В.Долиналардың еңбегін елеп, алғыс айтуды ұмыт қалдырмады.

Сонымен бірге  аудан басшысы аудандық тұтынушылардың  құқықтарын қорғау басқармасының жетекшісі Н.Қожаева, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Т.Юдина, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Н.Мұсалимоваларға алғысын білдірді. Сондай-ақ әр салада қызметін атқарып жүрген 14  мемлекеттік қызметкерлермен бірге шаһарымызда өткен мемқызметкер арасындағы облыстық спартакиадаға белсене қатысқан бір топ жандарға да осы шарада  құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиыннан соң шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz
Дана ДЕРБІСАЛЫ
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале