16.10.2015, 10:29
Оқылды: 32

Ержанға сәт-сапар тіледі

ержанЕржан Абатов - самбо күресінен ауданымыздың атын шығарып жүрген азамат. Ол талай жарыстарда жүлделі орындардан көрінуде.

Енді Ержан тағы бір үлкен додаға қатысуға кетіп бара жатыр. 22-25 қазан күндері Израиль мемлекетінің Ашдод қаласында самбодан өтетін халықаралық додаға Қазақстан елінің атынан қатысады.

Осыған байланысты аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Ержан Абатовты қабылдап, еліміздің мәртебесін асқақтатып келуге тілектестігін білдірді.

Ержан, сәт сапар, жеңіспен орал!

www.zhaikpress.kz

 «Ауыл айнасы» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале