14.05.2015, 11:32
Оқылды: 17

Ернар ерледі

 Shingirlau barekeldi Орал қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы, Шыңғырлау БЖСМ түлегі Ернар Жүсіпов самбо, дзюдо күресімен айналысады. Ақсай қаласында өткен облыстың бірнеше дүркін чемпионы Ж.Қисметовті еске алуға арналған турнирде 55 келі салмақта бірінші орын алып, 100 мың теңге сыйақыға ие болды.

Төрт белдесуін басымдықпен ұтқан біздің батырымыз финалда ақсайлық мықты палуаннан айласын асырды. Белдесу аяқталуға 30 секунд қалғанда әдемі әдіс жасай білді.

   Бізге Оралдағы Ернардың бапкері Нариман Бекқалиевпен телефон арқылы тілдесудің сәті түсті.

  -Ернар талантты бала. Сабағын да оқиды, жаттығуда да аянбай тер төгеді. Ал айтатын әндері қандай тамаша,-деп тамсанады білікті бапкер.

www.zhaikpress.kz

Адақ Танабайұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале