21.06.2016, 10:42
Оқылды: 38

Ескерткіш тақта ашылды

????????????????????????????????????

    Медицина қызметкерлерінің күніне орай Жәнібек ауданданының орталық ауруханасында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР-ына еңбегі сіңген дәрігер, жерлесіміз Ғұсман Сисемәлиевке орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті.

  Салтанатты шараға аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысы, аудан әкімінің орынбасары, мекеме, ұйымдардың басшылары, еңбек ардагерлері мен медицина қызметкерлері қатысты.


  Ғ.Сисемәлиев 1909 жылы ауданымызда дүниеге келген. 1933-1938 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина институтында оқып, оны бітіргеннен кейін Тайпақ ауданында дәрігер болды. 1941-1946 жылдары Кеңес Әскерінде медицина қызметінің капитаны шенінде қызмет атқарып, Ұлы Отан соғысының барлық кезеңінде госпитальде жұмыс істеді. 1946-1955 жылдары Зеленов ауданында дәрігер, Орал қалалық ауруханасында облыстық туберкулез бөлімшесінің, кейін облыстық туберкулез диспансерінің меңгеруші болды. Туберкулезге қарсы қызметтің кеңеюіне байланысты Ғ. Сисемәлиев өз еркімен Жәнібек ауданына фтизиатор-рентгенолог дәрігер болып келеді. Соңынан ауданда туберкулез диспансері ашылған кезде оның бас дәрігері болып өмірінің соңына дейін қызмет атқарды.Ғ. Сисемәлиев көп жылғы жемісті еңбегі үшін көптеген медальдармен және Ленин орденімен марапатталды. 1966 жылы Ғ. Сисемәлиевке Қазақ КСР-ына еңбегі сіңген дәрігер атағы берілді. Ол 1971 жылы ақпан айында қайтыс болды.

                                    www.zhaikpress.kz
Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале