16.09.2015, 17:00
Оқылды: 19

Жазықсыз жанды таяққа жыққан

 

Zelenov Sokkiga jikkan    Зеленов ауданы Володар ауылындағы «Березка» дүкенінің маңында ауылдың бұзақы балалары 1968 жылы туған А. есімді ауыл тұрғынын соққыға жығып кеткен. Жазықсыз жанды соққыға жыққан бұзақыларды құрықтауға құзырлы орган өкілдері жарты-ақ сағат уақыт жұмсаған. Шұғыл әрекет барысында 1986 жылғы Р.Бижанов пен 1994 жылғы К.Есенгелдиев есімді ауыл тұрғындары ұсталып, кінәлары дәлелденген.

Тексеру барысында жәбірленуші бұзақылармен бұрын ешқандай байланысы болмағанын айтқан.

Тергеу амалдары жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

   Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале