22.02.2016, 17:53
Оқылды: 15

«Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Жантас Сафуллиннің Алғысхатын табыстады

Janakala Gaisakann  Жаңақала ауданы орталығына Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Жайық Пресс» медиахолдингі директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ ат басын бұрды.


-Өткен жылы газет таралымдарының өскені байқалды. Соның ішінде Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газетінің таралымы көбейіп отыр,-деп газетке жазылу науқанында белсенділік танытқан, жұмыстарын ұтымды ұйымдастыра білген бірқатар аудандық дербес мекеме, бөлім басшыларына «Жайық Пресс» медиахолдингінің директоры Жантас Сафуллиннің Алғысхатын табыстады. Бұл бағытта аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Д.Даниярқызы, аудандық білімі беру бөлімінің басшысы Е.Елдосұлы, «Жаңақала» колледжінің директоры С.Жүсіпбекұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Базарғалиұлы марапатталды.

-Алдағы уақытта барлық мекеме басшылары газетке жазылуға атсалысып, бұдан да көп таралымға ие болып, облыста алдыңғы қатарға шығады деп есептеймін,-деді жиынды қорытындылаған Ғ.Сейтақ.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале