29.08.2015, 9:32
Оқылды: 21

Жалпақталда Конституция күні аталып өтті

 Jalpaktal konstitucia kyni atalip otildi   Тәуелсіз Қазақ елінің қолданыстағы Конституциясына биыл 20 жыл толып отыр. Осы Айбынды Ата Заңымызды ұлықтауға 28 тамыз күні Жалпақтал мәдениет үйінде «Ата Заң – асқақ мәртебем» атты салтанатты шара оздырылды. Шараға мекеме-кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты шарада Қазталов аудандық №2 сотының судьясы Самал Оразғалиева баяндама жасап, Конституциямыздың 20 жылдығымен ауылдастарды құтықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. Мұнан кейін Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Айдана Серікқызы мемлекеттік қызметші ретіндет Ата Заңымыздың 20 жылдығы қарсаңында салтанатты түрде ант қабылдады.

Салтанатты шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, Жалпақтал мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті. Мерекелік шара барысында әсем әнде шырқалды, күмбірлеген қазақы қара домбырамен термеде айтылды, мың бұралған биде болды. Жиналған ауыл тұрғындары өнерпаздарға дән риза. Мемлекеттің дамуы жолында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Ата Заңымздың 20 жылдық мерекесін Жалпақтал жұртшылығы жоғары деңгейде тойлады.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале