17.08.2015, 13:13
Оқылды: 30

Жалпақталда Сәкен Ғұмаровтың сурет галереясы ашылды

сакен галерея (3)Бұл шара белгілі суретші, марқұм Сәкен Ғұмаровтың дүниеден озғанына биыл 20 жыл толуына орайластырылды. Салтанатты шараға арнайы келген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері, профессор, Виктор Киянский, Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр, Жалпақтал ауылының  тұрғындары қатысты.

сакен галереяАтақты суретші Сәкен Ғұмаров туралы кеңінен әңгімелеп, естеліктерден сыр шерткен Мәжіліс депутаты Виктор Киянский қылқалам шебері туралы кітапты өнер бөлімінің ұстаздарына, өзінің «Родник Алтая: от Аз и Буки до Аз и Я или Моя ЕврАзиЯ», «Всё о качестве или в качестве Всё» атты кітаптарын ауыл тұрғындарына тарту етті.

Халық қалаулысы ауылға келу мақсатын Қазақ хандығының 550 жылдық, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесі аясында халықпен жүздесіп, құттықтау және суретшіні еске сакен галерея (1)алу екендігін, ашылған сурет галереясының қылқаламға құштар жас ұрпаққа мол әсер беретінін айтып өтті.

Келесі кезекте сөз алған аудан басшысы Нұрлан Бекқайыр, Қазақстан суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы Қайыр Оразғалиевтер де Сәкен аға туралы, ол кісінің еңбегі жайында әңгімеледі.

Нұрлан Мағазұлы мәртебелі мейманға ауданның тыныс-тіршілігі жайында әңгімелеп, Бөкей ордасы ауданында республика көлемінде атап өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне және Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдық мейрамын аудан көлемінде күз айында Жалпақтал ауылында тойлайтындығын айтты.

сакен галерея (2)Кездесуден кейін аудан басшысы мен халық қалаулысы Виктор Владимирович Жалпақтал колледжінде, орталық саябақта, футбол алаңында болып, арбатты аралады.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале