15.03.2016, 20:36
Оқылды: 27

«ЖАЛПАҚТАЛ АРУЫ-2016» байқауы өтті

????????????????????????????????????

   Жалпақтал ауылында мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жалпақтал ауры-2016» байқауы өтті. Байқауға Жалпақтал ауылындағы жеті мекемеден 18-25 жас аралығындағы 7 үміткер атсалысты.


Аталмыш шараның мақсаты заманауи қыздарымыздың қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, ару арасында жаңашылдықты насихаттау, шығармашылық мүмкіншіліктерін арттыру басты міндет болып табылады. Сонымен қатар отбасының алтын арқауы болуға үйрету, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын нәзік ару, қамқор ана болуға тәрбиелеу. Байқау ережесін бойынша үміткерлер 6 бөлімде сынға түсті. Бірінші бөлім өз-өзін бейне слайд немесе фото арқылы таныстыру, екінші бөлімде Жалпақтал мәдениет үйінің өнерпаздарымен ән немесе би билеу болса, үшінші бөлімде сұрақ-жауап, төртінші сән үлгілерін көрсету бөлімінде үміткерлер өздерінің шеберліктерін көрсетті. Кешкі сән көйлектерін киіп, тіккен киімсдерін сипаттап, көпшілікті таңқалдырды. Ал бесінші қолөнер бөлімінде өздерінің бұйымдарын қалай жасағандарын таныстырды. Байқаудың шешуші бөлімінде үміткерлер актерлік қабілеттерін көрсетіп, монолог оқыды. Осындай тамаша өткен мәнді де, мағыналы шарада мәдениет үйінің залында ине шаншар орын болмады.

Байқауда әділ қазылардың шешім шығаруы оңайға түспседі. Әділ шешім шығарып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, топ жарып «Ертегі» бөбекжайының тәрбиешісі Аида Сапиева бас жүлдені жеңіп «Жалпақтал ару-2016» байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар «Өнерлі, өнегелі ару» номинациясын иеленді. Ал Жалпақтал жастары атынан сынға түскен Гүлназ Ізмұханова «Ынталы ару», К.Меңдәлиев атындағы орта мектептен Асылзада Лұқпанова «Шығармашыл шебер ару», Жалпақтал колледжінен Аягөз Қажиақпарова «Зерделі ару», Жалпақтал аудандық аруханасынан Дәнекер Тасболатқызы «Инабатты, ибалы ару», «Балдәурен» бөбекжайының тәрбиешісі Фариза Қожантаева «Сүйкімді ару», Ғ.Молдашев атындағы орта мектептен сынға түскен жас ұстаз «Сымбатты сұлу ару» номианцияларын иеленді.

Жиын соңында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин өзінің тілегін жеткізсе, мекеме-кәсіпорын ұжымдары өздерінің сый-сияпаттарын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале