7.09.2015, 20:03
Оқылды: 19

«Жаман ауыздар» ауыз сала бастады

Kaztalov kaskir Қазталов ауданы Бірік ауылдық округіне қарасты Саралжын елді мекенінде 30 – ға жуық қой – ешкі, бұзау – баспақ, құлындар қасқырдың ауызында кеткен болса, Қараоба ауылынан 4 шаруа қожалығының малдарына да қасқырлар шапқан.

Бұл дабыл қағарлық жағдай. Ертең күздің сұр бұлт, тұманды күндерінде өрістегі малды жіті қадағалау қиындай түседі. Сол кезде «жаман ауыздарға» жағдай туатыны түсінікті. «Жаман ауыздардың» әдеті белгілі. Олар бір жандықты жеп, жайна кетпейді, тамақтап, отарымен қырады.

Сондықтан аңшылар қоғамы осы жағдайға ертерек қамданыс жасап, бір шарасын алмаса, шаруа адамдарының шаруасына қиындық туғызары сөзсіз.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале