5.07.2016, 15:54
Оқылды: 26

Жамағат арасында жарыс өтті

zharys ottiҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және мұсылмандардың ұлық болған Ораза айт мерекесіне орай мешіт жамағатының арасында қол күресінен, гір тасын көтеруден, бұқа тартыс және арқан тартыс ойындарынан  спорттық сайыс өтті.


Гір тасын көтеруде  24 келілік кір тасты 34 рет көтерген Бауыржан Күрпілдесов І орынға ие болса, қол күресінен Айдын Қарабасов ешкімге дес бермеді. Бұқа тартыста Аманғали Орынбасаров күштілігін дәлелдесе, арқан тартыста «Ж.Досмұхамедов көшесі командасы» бірінші орынды жеңіп алды.

Жарысқа жүлделі орынға қол жеткізген жамағат дилом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Аудандық мешіттің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы арқан тартыста бірінші орынға ие болған «Ж.Досмұхамедов көшесі» командасының жетекшісі Батырбек Бисекеновке және сайыстың барлық түріне де қатысқан Қуандық Тілепалиевке ақшалай сыйлық табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале