28.09.2016, 10:37
Оқылды: 49

Жан тербеген ән кеші

%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d3%99%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d1%88%d1%96  Шыңғырлау ауданында елімізге танымал, өнерпаз жанұя- ағайынды Жүгінісовтердің концерті болып өтті. «Шын жүректен...»деп аталатын ән кеші Мәдениет үйін лық толтырған аудан тұрғындарының көңілінен шығып, аса ыстық ықыласқа сай өтті. Мұның себебі де жоқ емес, көрермен көңілін әнмен тербеп, сахнаны сырлы наз, әуезді сазға толтырған әншілер отбасының отағасы Ерболат Жүгінісов осы Шыңғырлау ауданының Полтавка ауылының тумасы.


  Ал, отанасы Айнұр Жүгінісова Жымпиты (бүгінгі Сырым ауданы) ауданында туып-өскен.  Жерлес өнерпаздардың жалынды, арынды әндері де, жүректі тербер нәзік те нақышты әуендері де көрермен көкірегінің пернесін тап басып, ерекше әсер етті, әрбір орындау ұзақ соғылған қошеметпен астасып отырды. Отбасы иелерінің туған жерге, өңірге деген сағынышты сәлемімен бастау алған өнер кеші ұлдары Рүстем, Мирас, және Мұхамед-Әлінің әнімен жалғасты.  Кеш барысында әншілер қатарында отбасының кенжесі Әлтайыр да қосыла ән шырқады. Әсерлі кеште

  Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған « Отан» әні, сондай-ақ, «Әдемі» «Ең алғашқы махаббат», «Ұстазым», «Зырлайды уақыт» және бүгінгі жастар талғамына сай келетін бірқатар әндер орындалды. Ән кешінің тақырыбы етіп алынған «Шын жүректен...» әнін ағайынды  Рүстем , Мирас және Мұхамметәлі үш тілде бірдей орындап, көрермен қошаметіне бөленді.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале