26.04.2016, 11:50
Оқылды: 13

Жастардың бастамасы-қолдауға лайық

 Terekti jyrekten jyrekke     Теректі ауданында егде жастағы жалғыз басты қарияларға көмек қолын созу мақсатында Федоров қазақ мектебінде «Жүректен жүрекке» атты еріктілер тобы құрылған болатын. Топ құрамында аталмыш мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мейрамгүл Нұрсұлтанова, мектеп тәлімгері Назгүл Ораш, ІТ маманы Аида Жоламанова, физика пәні мұғалімі Сұлтан Беккалиев және еңбек пәні мұғалімі Азамат Талиев есімді жас мамандар көпке үлгі болатын істі қолға алды. Атап өтсек, Федоров ауылында бірнеше жыл ұстаздық қызмет еткенТамара Васильевна есімді қартқа барып, жағдай сұрасты.


     Сонымен қатар  көмек керек уақытта қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізді. Аудан орталығында қоныстанған  жалғызбасты Людмила Николаевна жастардың осындай бастамасы тек қолдауға ғана лайық екендігін тілге тиек етті.

         Бұндай акциялар тек қарияларға ғана емес, жастарға да қажет. Жастар тарапы  жасы жетіп, сарқылмас қазынаға айналған қарттардан өмірлік тәжірибе жинары хақ. Әжелеріміздің жағдайын сұрап, шаруашылығына көмектескен еріктілер тобы алдағы уақытта да қарқын алатынына сендірді.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Төреғалиқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале