26.09.2016, 10:07
Оқылды: 31

Жастардың діни сауаттылығын арттыру

%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%b4%d1%96%d0%bd%d0%b8-%d1%81%d0%b0%d1%83%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b%d0%bd-%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%82%d1%8b%d1%80%d1%83   Орталық Бөрлі аудандық кітапханада «Жастардың бүгінгі діни тәрбиеге көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті.

   Кітапхана меңгерушісі Б. Берғалиева жүргізген бұл шара жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында болды.


  Аудандық мұсылмандар мешітінің наиб имамы Қ. Жәкенов, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ы. Сүюсанова, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Д. Нұрашева және Ақсай техникалық колледжінің студенттері қатысты. Студенттер қойған сауалдарға жауап берген наиб имам ислам діні, экстремизм мен терроризмнің шығу себептері, жастардың неліктен жат ағымға түсетіндері жөнінде түсінік берді. Діни білімді ғаламтордан іздеу қате де қауіпті екенін айтқан Қ. Жәкенов мешіт имамдарына келіп сауат ашу қажеттігін баса айтты. Ал Дариға Кеңесбайқызы әр нәрсеге еліктегіш, әсершіл жастар нені үйреніп, неден жирену керектігін білу керек деді. Жастарды жат қылыққа жоламауға, жақсылыққа үндейтін бейнероликтер көрсетіліп, «Дін – имандылық айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ясипа РАБАЕВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале