27.05.2016, 19:00
Оқылды: 19

Жастар алқалы жиында бас қосты

????????????????????????????????????

 Бүгін Тасқала ауданында Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанындағыIV алқа мәжілісінің көшпелі отырысы өтті.

    Оған БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Айтуев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, сондай-ақ барлық ауданның жастар ресурстық  орталығының   басшылары қатысты.


     Алдымен қонақтар «Азалы ана» ескерткішінің басында болып  соғыстан ораламаған боздақтарға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

     Содан соң оқушылардың мектептен тыс  жұмыс  орталығында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, «Сәулет» мектеп-лицейі мен саз мектебінде болып, оқушылардың жұмыстарымен танысты. Әсіресе  қонақтар робот техника жұмыстарына қызығушылық  танытты.

Содан соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен алқалы отырысқа қатысты.

www.zhaikpress.kz

М.Жексенгалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале