4.06.2016, 12:30
Оқылды: 30

Жастар веложорығы Рәміздер күніне арналды

Screenshot_2016-06-04-12-41-45-14 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні аудан жастарының веложорығымен атап өтілді.
Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Шыңғырлау жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен өткен веложорыққа аудан жастары жиналып, мемлекет байрағын желбірете көтеріп, велосипедпен аудан көшелерін аралап өтті.


 

Сәнді саптың алдында МАИ қызметкерлерінің көлігі бастап, соңынан аудан жастары ілесті. Көпшілік назарын өзіне тартқан бұл шараны жастар мемлекеттік рәміздердің құндылығын насихаттап, құрметтеуге шақыру деп түсіндіреді.
-Біздер бүгін «Рәміздер-елдігімнің белгісі» атты осы веложорықты өткізудеміз. Мақсатымыз- Тәуелсіздігіміздің нышаны болып саналатын көк байрағымыз бен Елтаңба, Əнұранымызды құрметтеуге шақыру, әсіресе, жастарды отанды сүю, патриотизмге үндеу,- дейді Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Айдос Хаиров.
Еліміздің мәртебесін көтеріп, әлемде мемлекеттігіміздің бет-бейнесін танытып жүрген рәміздеріміздің мерекесінде ауданымызда осындай шаралар өткізілуде.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале