25.05.2016, 10:16
Оқылды: 34

Жастар жеңіспен оралды

Шынгырлау спортакиада       20–шы мамыр күні Орал қаласында БҚО жұмысшы жастарының ІІ спартакиадасы болып өтті. Бұл бәсекеде шыңғырлаулықтар жүлдеді үштіктен көрінді.


    Жыл сайын Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастыруымен дәстүрге айналған спорттық шараның мақсаты жұмысшы жастардың еңбекке қызығушылығын арттырып, бұқаралық спортқа баулу, жұмысшылар арасында әріптестік әрі достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. П.Атоян атындағы стадионда өткен жарысқа барлығы 15 команда қатысып, спорттың волейбол, кіші футбол, қол күресі, қазақ күресі, эстафета, жеңіл атлетика түрлерінен командалар өзара сынға түсті. Спартакиадаға ауданымыздың атынан «Шыңғырлау Жастары» командасы қатысып келді. Жеке жетістіктер қатарында эстафеталық 400 метрлік сайыста- ІІІ орын, жеңіл атлетика бойынша 3000 м-ге жүгіруден ІІ орын, қыздар арасындағы волейболдан- ІІ орын, жалпы командалық есепте «Шыңғырлау Жастары» командасы жүлделі ІІІ-ші орынға ие болды.

    Осы орайда Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы директоры А.Хаиров спартакиадаға қатысуға ықпал еткен аудан әкімшілігі мен «Шыңғырлау Жастары» ЖҚБ-не алғыс білдіреді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале