22.07.2015, 20:35
Оқылды: 33

Жастар жұмыссыздығы – өткір мәселе  

РанидаЕліміздегі, соның ішінде облысымыздағы жастардың жұмыссыздығы – әлі де күн тәртібіндегі өткір мәселе. Бұл мәселе өткен форумда қызу талқыланған. Содан бергі екі жыл ішінде жастар жұмыссыздығы 5,1 пайыздан 4 пайызға түскен. Бұған мемлекеттік бағдарламалар әсер еткені сөзсіз. Сондай-ақ құрылғаннан кейін бірден жұмыс нәтижесін көрсеткен жастар ресурстық орталығының да үлесі зор.

- Бұл орталықтар – тап осындай басқосулардың жемісі. Оларды құру жөнінде ҮІ форумда ұсыныс жасалған еді. Міне, екі жылда жастардың 10 ресурстық орталығы көмекке зәру жастарға өз есігін айқара ашты. Және олар үкіметтік ұйым емес, мемлекеттік мекеме,-дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ранида Ашенова. Бір жыл ішінде ресурстық орталықтарға бас сұққан 2282 адамның 1563-і жұмыс іздеп жүргендер. Олардың 450-і тұрақты жұмыс тапқан.

- Жастардың көпшілігі экономист, заңгер, кеңсе қызметкері болғысы келеді. Ал ауылдық жерлерде бұл мамандықтарға сұраныс жоқ. Ауылшаруашылық мамандығы бола тұра ауылдық жерге барғысы келмейтіндер бар. Тіпті қала аумағындағы жерлерге де. Мысалы, қала бойынша жол салу мен құрылыс саласына 20 бос орын бар. Талаптарына қарасаңыз, 80 мыңдай жалақы, қатынауы мен түскі асы мекеме есебінен. Мұндай күрекпен істейтін жұмыстарға жастар барғысы келмейді. Салқындатқыш астында әрі жақсы төленетін жұмыс іздеушілер көп. Сондықтан біз жастар ұйымдарына техникалық мамандықтарға тарту бойынша түсінік жұмыстарын атқаруға тапсырма берудеміз,-дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Кенесары Нұршинов.

www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек  НҰРЛАНҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале