30.03.2016, 19:28
Оқылды: 47

Жас натуралистер мен экологтардың форумы өтті

 Expo    Бүгін ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің Студенттер сарайында  «ЭКСПО-2017» шеңберінде «Қазақстан – менің елім» атты жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумы өтті.

    Шара білім басқармасының қолдауымен және облыстық экологиялық-билогиялық орталықтың ұйымдастыруымен қолға алынды. Форум жұмысына облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, білім басқармасы, жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен аудандық, қалалық жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.


    Оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, отансүйгіштік санасын тәрбиелеп, ғылымға баулып, зерттеу қабілеттілігін дамытуға арналған форумға облысымыздың әр ауданы мен қала мектептерінен 12-17 жас аралығындағы жас натуралистер мен экологтар қатысты.

     Форум жұмысы Студенттер сарайының фоэсінде жасақталған «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған «Жасыл әлем» оқушылардың шығармашылық көрмесін тамашалумен басталды. Мұнда оқушылардың «Ландшафтық дизайн», «Екінші өмір», «Экообьектив» (фоторепортаж), «Орман тіршілігі және адамдар», «Табиғат -  бәріне ортақ, баға жетпес сый» аталымдары бойынша жұмыстары қойылды.

    Бұдан кейін оқушылар «Болашаққа қадам» тақырыбында әлеуметтік «Жасыл экономика», «Сақтаймыз және байытамыз», «Денсаулық және қоршаған орта» аталымдары бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобаларын қорғады.

     Жеңімпаз оқушылар ұйымдастырушы тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале