11.02.2016, 16:01
Оқылды: 36

«Жас отау», мемлекеттік жалға беру тәртібі бойынша берілген баспаналардың салымшыларына өтемақы төленбейді


ключи от домаОКҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалында өткен брифинг барысында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Хамзин Қуанышбек Жүсіпұлы журналистердің сауалына осылай жауап берді.


Ақша салу күніне баспананы сатып алу-сату шарттары немесе ҚР Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 Жарлығымен бекітілген ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында кейіннен сатып алумен жалға алу шарты, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында жасалған болса, ТҚЖ салымына өтемақы  төленбейді.

Яғни, жалпыға түсінікті тілмен айтар болсақ, аталған бағдарламалармен алған баспаналардың бағасына доллар бағамының өзгеруі еш әсер етпейді, келісімшартта көрсетілген баға сол күйінде қала береді. Қысқасы, бұл - салымшылардың баспана мәселесі шешіліп қойды деген сөз, сондықтан ешқандай өтемақы төленбейді, - деді Қуанышбек Жүсіпұлы.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале