15.06.2016, 14:14
Оқылды: 21

Жаяу жүргіншілер жолын жайландыруға 41 млн. теңге қарастырылған

akzhaik zhayau zhurginshiler zholy  Ақжайық ауданының орталығында жаяу жүргіншілер жолын жайландыру биыл да жалғасуда. Көптен әңгіме болып келе жатқан Чапаевтың жұрт «Қарасай» атап кеткен бөлігіне қарай төсемжол салынуда. Оралдық мердігер «ВипСтройИнвест» ЖШС-нің (учаске бастығы Владимир Лукашенок) қарқыны жақсы. Осы жұмысқа биыл 41 млн. қаржы қаралған. Аудан орталығының басты көшелері Қонаев пен Исаев көшелері бойының екі қапталын қамтитын жүргіншілер жолы ауыл орталығынан шалғайлау жатқан аудандық емхананың алдына жетеді.


   Үлкен болсын, кіші болсын, емханаға, «Қарасайға» баратын жүргіншілер енді жауынды-шашынды күндері қиындық көрмейтін болуы үшін құрлысшы-жұмысшылардың қолдан келгеннің бәрін жасайтыны сөзсіз деп білеміз. Айта кетейік, былтыр жаяу жүргіншілер жолын жайластыруға 26 млн. теңге жұмсалған еді.

www.zhaikpress.kz

Айасыл ТІЛЕК
Суретті түсірген автор
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале